Алекс Перейра Магомед Анкалаевпен реванш туралы пікір білдірді

Алекс Перейра Магомед Анкалаевпен реванш туралы пікір білдірді

Жартылай ауыр салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы, бразилиялық Алекс Перейра ресейлік Магомед Анкалаевтан реванш алуды көздеп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Маған әлі ештеңе хабарланған жоқ, бірақ тамыз – жақсы уақыт. Келісімшарт дайын болған бойда мен оған қол қоямын. Міндетті түрде нокаутпен жеңу шарт емес, бірақ менің бұл жігітпен қалағанымды жасауға күшім жеткілікті екенін сеземін», – деді Перейра Ариэль Хельванидің подкастында.

Перейра мен Анкалаев арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 313 турнирінде өтті. Кездесуде ресейлік спортшы төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіске жетіп, лиганың жаңа чемпионы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или