Карлос Пратес Майкл Моралестің әлсіз тұстарын атады

Карлос Пратес Майкл Моралестің әлсіз тұстарын атады

UFC жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде екінші орында тұрған бразилиялық Карлос Пратес жеңіліп көрмеген эквадорлық Майкл Моралестің әлсіз тұстарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингтің үшінші сатысында тұрған Моралес пен Пратес 30 қаңтарда Торонтода өтетін UFC 336 турнирінде кездеседі.

«Ол үздік файтерлердің деңгейіне жетті деп ойламаймын. Оның әлсіз тұсы соққы жасау техникасы болуы мүмкін. Майкл физикалық тұрғыда мықты. Ол алға ұмтылып, бірнеше соққы жасайды. Бірақ дұрыс қозғалып, қорғана білетін нағыз мықты соққы шеберімен кездескенде оған қиын болады.

Моралес жақсы күресетін шығар, өйткені физикалық күші мен дене бітімі оған мүмкіндік береді. Оның төзімділігін де көрейік. Жекпе-жек бес раундқа созылады деп ойламаймын. Мен бес, жеті, тіпті сегіз раунд жұдырықтаса аламын. Бірақ оның салмағы ауыр болғандықтан, бұған қабілетті екеніне сенімді емеспін», – деді Пратес The Ariel Helwani Show YouTube арнасына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама