UFC файтері Джон Джонсты өз пайдасын ғана ойлайды деп айыптады

UFC файтері Джон Джонсты өз пайдасын ғана ойлайды деп айыптады

UFC-дің ауыр салмақтағы америкалық файтері Джош Хокит еркін күрестен Олимпиада чемпионы Гейбл Стивсонға ұйымның бұрынғы чемпионы Джон Джонспен ынтымақтастықты тоқтатуға кеңес берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хокиттің пікірінше, тәжірибелі файтер бірлескен жаттығуларды өзінің танымалдылығын сақтап қалу үшін пайдаланып жүр.

Америкалық спортшы Джонстың тек жеке мүддесін көздейтінін және шәкіртінің жетістікке жетуіне мүдделі емес екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Стивсонға айналасындағы адамдарға мұқият болуға кеңес берді.

«Джон Джонс өзіне назар аудартуға тырысады. Мен мұнымен сол үшін айналысып жүрген жоқпын. Айтарың болса, мәселені шеше аламыз. Ол тек өзіне пайда әкелетін істермен айналысады.

Гейблге бір кеңес бере алсам, осындай нәрселерге назар аударуын айтар едім. Джонс оны осы спортта өзі назардан тыс қалмау үшін ғана жаттықтырып жүр. Бауырым, мұндай адамдардан аулақ жүруің керек. Олар сүлік сияқты, қатерлі ісік секілді. Сенің мүддең оларды қызықтырмайды», – деді Хокит Майкл Биспингке берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама