UFC-дің бұрынғы титул үміткері Пратес пен Моралес жекпе-жегінің фаворитін атады

UFC-дің бұрынғы титул үміткері Пратес пен Моралес жекпе-жегінің фаворитін атады

UFC чемпиондық белбеуіне бұрынғы үміткер Стивен Томпсон Торонтода өтетін UFC 336 турнирінде Карлос Пратес пен Майкл Моралес арасындағы уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық файтердің пікірінше, бразилиялық спортшының жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Томпсон Моралестің дене бітіміне және жекпе-жекке дайындық барысында туындауы мүмкін қиындықтарға назар аударды.

Оның айтуынша, эквадорлық файтердің күнделікті өмірдегі салмағы 100 келіден асады. Осыған байланысты ол шеберлігін жетілдіруден гөрі салмақ қууға көп уақыт жұмсауы мүмкін.

«Жеңімпазға келсек, мен Карлосқа көбірек сенемін. Майкл маған ұнайды. Ол ірі жігіт, күнделікті өмірде салмағы 100 келіден асады. Бірақ мұндай файтерлер көбіне шеберлігін жетілдіруден гөрі салмақ қууға көп уақыт пен күш жұмсайды», – деді Томпсон MMA Full Mount подкастында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама