Мераб Двалишвили Грузияда жеке MMA академиясын ашты
UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Грузия астанасында өзінің аралас жекпе-жек академиясын ашты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ашылу салтанатына UFC-дің бұрынғы чемпионы Алджамейн Стерлинг пен грузиялық файтер Саба Лазишвили қатысты.
Merab Dvalishvili MMA Academy деп аталатын жаңа спорт кешені Тбилисидегі Tbilisi Central сауда орталығында орналасқан. Академияда MMA торы, күрес, бокс және кикбоксингке арналған жаттығу алаңдары, сондай-ақ тренажер залы бар.
Академияда кәсіпқой спортшылармен қатар жекпе-жек әуесқойлары да жаттыға алады. Саба Лазишвили академия бапкерлерінің бірі болады деп күтілуде.
Жаттығуға тіркелу 30 қарашада басталады. Академияға 10 жастан асқан балалар мен ересектер қабылданады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или