Дияр Нұрғожай Қазақстандағы алғашқы UFC турнирінің басты жекпе-жегіне кім шығуы керегін айтты

Дияр Нұрғожай Қазақстандағы алғашқы UFC турнирінің басты жекпе-жегіне кім шығуы керегін айтты

Қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожай елімізде өтетін алғашқы UFC турнирінің басты жекпе-жегіне Шавкат Рахмонов шығуы керек деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін спортшы бұл пікірін Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирінен кейін Namys Fighting басылымына берген сұхбатында айтты.

21 қарашада Нұрғожай октагонға сәтті оралып, америкалық Алик Лоренцті (8-3) екінші раундта нокаутқа түсірді.

Оның пікірінше, Қазақстан үшін тарихи маңызы бар турнирдің басты жұлдызы болуға Шавкат Рахмонов әбден лайық.

«Ашығын айтайық, Шавкат – топ деңгейдегі файтер. Әрине, спортта өрлеу де, құлдырау да болады. Оның жарақаттары бар, тізесінен ауыр жарақат алғаны рас. Бірақ бәріміз көріп, түсініп отырмыз: ол жаттығып, тер төгіп, дайындалып жатыр. БАҚ алдына көп шықпайды, бірақ жаттығуын тоқтатқан жоқ. Әрине, егер турнирдің басты жекпе-жегіне Шавкат шықса, керемет болар еді», – деді Нұрғожай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама