Қуат Хамитов UFC-ге неге ауыспағанын түсіндірді

Қуат Хамитов UFC-ге неге ауыспағанын түсіндірді

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 2016 жылы UFC-мен келісімшартқа отыра алмауының себебін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы «Наш боец» YouTube арнасына берген сұхбатында келіссөздер соңғы кезеңге жеткенін, алайда америкалық промоушен иелерінің ауысуы жоспарды бұзғанын жеткізді.

Хамитовтың айтуынша, он жыл бұрын ол бабында болған, қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жетіп, Fight Matrix нұсқасы бойынша Азияның жеңіл салмақтағы файтерлер рейтингінде көш бастаған. Қазақстандық спортшының UFC-ге ауысуына ауыр салмақтағы бұрынғы уақытша чемпион Шейн Карвин көмектескен. Ол Хамитовтың жекпе-жек өткізу мәнерін жоғары бағалаған.

Алайда UFC-дің төрт миллиард долларға жаңа иелеріне сатылуы келісімнің жүзеге асуына кедергі келтірген. Промоушенде кадрлық өзгерістер басталып, келіссөз жүргізген менеджерлер қызметінен босатылған. Сондай-ақ Карвинмен байланыс үзілген.

Нәтижесінде Хамитов ресейлік Fight Nights промоушенімен келісімшартқа отыруды жөн көрген.

Айта кетейік, қазақстандық файтер мансабында Alash Pride, ONE FC, ACA, RUFF, WBK және басқа да ұйымдарда өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама