Қазақстан ерлер құрамасы Ресей мен Бразилияда ОЖЖ өткізуде

Бокстан Қазақстан ерлер командасы Ресей мен Бразилияда үш құрамда жаттығуларын жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.
8 сәуірге дейін өтетін дайындық жұмыстарына Ресей, Өзбекстан, Беларусь елдерінің алдыңғы нөмірлі боксшылары қатысады.
Жаттығы жиындарына қатысып жатқан Қазақстан командасының құрамы:
- 48 кг - Санжар Тәшкенбай, Теміртас Жүсіпов
- 51 кг - Бекзат Алдамжаров, Даниял Сәбит
- 54 кг - Тимур Қабдешов, Сәкен Бибосынов
- 57 кг - Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев
- 60 кг - Серік Теміржанов, Бейбарыс Жексен
- 63,5 кг - Ертуған Зейнуллинов, Жандос Қыдыралиев
- 67 кг - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
- 71 кг - Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тохтасунов
- 75 кг - Сабыржан Аққалыков, Тимур Нұрсейітов
- 80 кг - Ерасыл Жақпеков, Нұрбек Оралбай
- 86 кг - Бекзат Нұрдаулетов, Темірлан Мұқатаев
- 92 кг - Сағындық Тоғамбай, Нурмагамед Юсупов
- +90 кг - Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай
Бразилияға аттанған боксшылар он күндік жаттығу жұмыстарын өткізіп, 30 наурыз – 6 сәуір аралығында Бразилияда өтетін World Boxing ұйымдастыруымен өтетін 2025 жылғы Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или