«Барыс» маусымды кезекті жеңіліспен аяқтады

«Барыс» маусымды кезекті жеңіліспен аяқтады


Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) соңғы матчында «Барыс» өз айдынында «Салават Юлаев» (Уфа) командасын қабылдады.

Осыған дейін қатарынан үш рет жеңіліс тапқан елордалықтар бұл жолы да ҚХЛ кестесінде көш бастаушылардың біріне қауқар таныта алмады.

Бірінші кезеңде қонақтардан Александр Хмелевски мен Шелдон Ремпал мергендік танытты.

Екіншісінде «Барыстан» Аслан Жүсіпбеков есепті қысқартты. Алайда үшінші кезеңде Джош Ливо, Скот Уилсон гол соғып, есепті 4:1-ге жеткізді.

Осылайша, Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтыратын «Барыс» клубы өз тарихында алғаш рет ҚХЛ-да соңғы орын алды.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или