«Барыс» ХК бұрынғы ойыншысы оқыс апат салдарынан көз жұмды

«Барыс» хоккей клубының экс-ойыншысы Томаш Клоучек 46 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, Клоучек Чехиядағы тау-шаңғы курортында сырғанап жүріп, электр бағанасына соқтығысып қалған. Жедел жәрдем қызметі мен құтқарушылар оқиға орнына дереу жеткенімен, спортшыны өлімнен арашалай алмады.
Томаш Клоучек – Чехия азаматы. Ол 2008-2012 жылдар аралығында астаналық «Барыстың» намысын қорғады. Одан кейін «Лев» командасында өнер көрсетті. «Барыс» сапында 128 матч өткізіп, 6 рет гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или