Англия бапкері алдағы матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады

Англия ұлттық құрамасының наурыз айындағы матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz
«Астон Вилла» ойыншысы Маркус Рэшфорд ұзақ үзілістен кейін Англия құрамасына оралды.
Томас Тухель өзі жасақтаған алғашқы құрамын жариялап, Маркусты да қатарға қосыпты.
27 жастағы ойыншы соңғы рет құрама сапында 2024 жылы наурыз айында өнер көрсеткен еді.
Маркус Рэшфордтан бөлек Джордан Хендерсон, Рис Джеймс те қайта оралды.
Айта кетейік, Майлз Люьис-Скелли мен Ден Берн алғаш рет шақырту алып отыр.
«Арыстандар» алда ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Албания және Латвиямен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или