Данияр Елеусінов Дана Уайттың промоушенімен келісімшарт жасасты

Данияр Елеусінов Дана Уайттың промоушенімен келісімшарт жасасты

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың промоушенімен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Данияр Елеусінов – Дана Уайттың жаңа бокс промоушеніндегі алғашқы қазақстандық боксшы», – деп атап өтті All Stars Boxing.

Еске сала кетейік, Елеусінов Астанада өткен All Stars Boxing турнирінде жекпе-жек өткізуі керек еді, алайда бұл кездесу кейінге шегерілді.

Бұған дейін Дана Уайт Сауд Арабиясының промоутерлерімен бірлесіп, жаңа бокс лигасының құрылғанын жариялаған болатын. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – қазіргі төрт негізгі ұйымнан тұратын жүйеден айырмашылығы, әр дивизионда тек бір ғана чемпион болады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или