Этникалық қазақ қызы Салтанат Меденова әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Ресей құрамасының намысын қорғап жүрген этникалық қазақ Салтанат Меденова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалдық жекпе-жекте Меденова Француз Полинезиясынан келген Вероити Долли Ненамен кездесті. Кездесу небәрі бір жарым минутқа созылып, ресейлік боксшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Салтанат Меденова енді жартылай финал жолдамасы үшін румын спортшысы Мария Георгита Чимперумен қолғап түйістіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или