Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатын сәтті бастады

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қызайбай 1/8 финалда Словакия өкілі Николь Дуриковамен кездесіп, техникалық нокаутпен сенімді жеңіске жетті. Төреші үш нокдауннан кейін жекпе-жекті тоқтатып, Қызайбайдың мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін тіркеді.
Осылайша, Назым ширек финалға жолдама алды, ал оның қарсыласы турнирді аяқтады.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Ибрагимова колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Карина ширек финалға шығып, жүлдеге таласты жалғастырады.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – 2014 және 2016 жылғы әлем чемпионы атанған, 2021 жылғы Азия чемпионы және 2024 жылы Олимпиадада қола жүлдегер болған. Дурикова болса, 22 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының екі мәрте жүлдегері.
Карина Ибрагимова – әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (2023 – күміс медаль, 2018 және 2022 – қола медаль), 2022 жылғы Азия чемпионы және 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Оның қарсыласы Валерия Арболеда Мендосаның ең үлкен жетістігі – Панамерикалық ойындардың күміс жүлдесі.