«Одан бәрі қорқатын». Қазақстан ҰОК басшысын шетелде спорттың иконасы деп атады

ESPN арнасындағы танымал инсайдер және бокс сарапшысы Сальвадор Родригес Prosports.kz сайтына қазіргі орта салмақта неге мега-жұлдыздар жоқ екенін түсіндірді.
«Қазір ауыр және жеңіл салмақтағы жекпе-жектер үлкен резонанс тудырып жатыр. Уақыт өте келе орта салмақта да жаңа есімдер шығады деп үміттенеміз. Бірақ Головкин мен «Канелоның» деңгейіне жету оңай емес. Головкин – өз дәуірінің аңызы, ол рингтегі қаһарлы күш болумен қатар, ерекше харизмасымен танымал еді», – дейді Родригес.
42 жастағы Геннадий Головкин IBF, WBC, WBA және The Ring титулдарының бұрынғы иегері. Ол соңғы жекпе-жегін 2022 жылы өткізген, бірақ әлі күнге дейін мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялаған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или