Астанада жаңа стадионның құрылысына 17 миллиард теңге жұмсалады

Астанада жаңа стадионның құрылысына 17 миллиард теңге жұмсалады


Астанадағы К. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадионның құрылысына 17 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылды. Бұл туралы Tengrinews басылымы хабарлады.

Бұл стадион алғаш рет 1936 жылы бой көтерген. Апаттық жағдайына байланысты ғимарат толықтай сүріліп, орнына заманауи талаптарға сай жаңа спорт кешені салынады. Құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жаңа арена 3 598 көрерменге арналған, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да арнайы орындар қарастырылған.

Стадион UEFA талаптарына сәйкес салынбақ. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан Астана қаласының №8 олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қарамағына өтеді. Бұл жерде спортшыларға оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или