ҚПЛ-дағы футболшылардың бағасы жаңарды

ҚПЛ-дағы футболшылардың бағасы жаңарды

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын футболшылардың бағасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚПЛ ойыншыларының ішінде ең қымбаты «Қайраттың» беларусьтік легионері Валерий Громыко. Оның бағасы миллион еуроға бағаланды. Қазақстандықтар арасында ең жоғары баға Қазақстан құрамасының және ақтөбеліктердің қорғаушысы Әлібек Қасымға (900 мың еуро) берілді.  Ал, жақында «Челси» футболшысы атанған, «Қайратта» жалда жүрген Дастан Сәтбаевтың нарықтық құны қазір 500 мың еуроға бағаланып отыр.

Бұған дейін «Қайрат» 16 жастағы шабуылшы Сәтбаевтың «Челсиге» ауысуы туралы келісімді ресми түрде жариялаған болатын, ол трансфер үшін 4 миллион фунт төлеген. Футболшы кәмелеттік жасқа толған соң 2026 жылдың жазында ағылшын клубына ауысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или