Қарағандыда бокстан Жарылғаповты еске алу халықаралық турнирі басталды (ФОТО)

Қарағандыда қазақстандық боксшылар үшін олимпиада алды жылын аяқтайтын жарыс - Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан XXXII халықаралық турнир өтеді.

Турнирге Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан спортшылар қатысады. 130-дан астам боксшылардың ішінде 90-ы - біздің елдің қалалары мен облыстарынан. Олардың ішінде - Әділбек Ниязымбетов, Қайрат Ералиев, Олжас Сәттібаев, Ілияс Сүлейменов, Самат Бәшенов бар.

Көпшілігі - құрамаға түсуге мүмкіндіктерін пайдаланғысы келген жас спортшылар. Бүгінде біздің боксшылар 4 олимпиадалық жолдама ұтты - Риоға лицензия - Васили Левитте (91 келі), Біржан Жақыповта (49 келі), Берік Әбдірахмановта (60 келі) және Данияр Елеусіновте (69 келі) бар, деп атап өтті Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Құраманың бапкерлік кеңесінің шешімі бойынша Жарылғапов турнирінде байқау өткізеді, Қазақстанда әлі лицензия жоқ салмақ санаттары бойынша спортшыларды ұлттық командаға іріктейді. Әлеуетті спортшылардың әрқайсысында мүмкіндік болады. Өңірлерден бапкерлер ерекше үмітпен Қарағандыға спортшыларын алып келді. Ең көбі - Қарағанды облысынан - 18 боксшы, Астанадан 14 спортшы қатысады.

Келесі лицензиялық турнир 2016 жылы Қытайда өтеді - оған ұлттық құрама жаңартылған құрамда жіберіледі. Турнир қорытындысы 21 желтоқсанда шығарылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или