Лионель Месси: «Ойын алдында әнұранды айтпаймын, айтқым да келмейді»

Лионель Месси: «Ойын алдында әнұранды айтпаймын, айтқым да келмейді»

Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ойын алдында елдің әнұранын айтқысы келмейтінін мәлім етті.

Жақында Лионель Месси TyC Sports басылымына берген сұхбатында әнұран айтпауының себебі мен ұлттық құраманың сәтсіздіктері туралы сөз қозғады.

- Біз үшін Аргентина ұлттық құрамасының жейдесінде өнер көрсету маңызды екенін жанкүйерлер түсіне бермейді. Біз 2014 жылғы әлем чемпионаты мен Америка кубогының финалына дейін жеттік. Бірақ, біз жанкүйерлер үшін түк тындырмаған секілді көрінеміз. Біз финалға дейін жеттік, турнирді 1/8 финалдан аяқтаған жоқпыз. Мұның өзі жетістік. Ұлттық құрама қиын кезеңді басынан өткерді.

Аргентиналық жанкүйерлер мені әнұран айтпайды деп кінәлап жатады. Мен ойын алдында әнұранды айтпаймын, айтқым да келмейді. Маған әнұран айтудан гөрі, ойынның маңыздылығын сезіну артығырақ. Менің басты мақсатым – ұлттық құрама сапында ірі жетістіктерді бағындыру. Бұл мақсатты 2016 жылғы Америка кубогы ойындарынан бастауымыз тиіс, - деді Лионель Месси.

Айта кетейік, каталониялық«Барселона» клубында өнер көрсететін шабуылшы 2005 жылдан бері Аргентина ұлттық құрамасы сапында ойнап келеді. Ресми 105 ойынға қатысып, 49 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или