«Челси» «Барселона» ойыншысының трансферіне назар аударды

«Челси» «Барселона» ойыншысының трансферіне назар аударды


Англиялық «Челси» «Барселона» қорғаушысы Жюль Кундені қатарға қосуға дайын және оған 100 миллион еуро ұсынбақ, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, француз қорғаушысы каталондық клубта өзін жайлы сезінеді және командадан кеткісі келмейді. Өз кезегінде «Барселона» Кундемен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отыр.

Қазіргі маусымда Жюль Кунде барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Қорғаушының клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметінше, оның нарықтық құны 60 миллион еуроға бағаланады.

Айта кетейік, 10 ақпанда «Қайрат» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаевтың «Челсимен» трансфері жөнінде келісімге келгенін хабарлаған болатын. Ол 2026 жылдың жазында кәмелет жасына толған соң ресми түрде Лондон клубына қосылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или