«Реал» жарты командасын бәс тігуге қатысты тергеуге байланысты шеттетті

«Реал» жарты командасын бәс тігуге қатысты тергеуге байланысты шеттетті


Мексикалық «Реал» (Аподака) клубының ойыншыларына бәс тігуге қатысы бар деген күдікпен тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында осы маусымда тіркелген бірнеше жағдайлар қаралуда.

Нуэво-Леон штатынан шыққан клуб басшылығы командадағы 10 ойыншының заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін екенін растады. Сол себепті олар қазіргі өтіп жатқан турнирге қатысудан шеттетілді.

Клубтың Facebook-тағы ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде басшылық күдікке ілінген ойыншыларды тергеу аяқталғанға дейін команданың құрамынан уақытша шеттету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Мәлімдемеде күдіктілердің әрекеті клубтың кәсібилік пен этика қағидаларына қайшы келетіні айтылған. Сондай-ақ клуб басшылығы Мексика футбол федерациясы мен Премьер-лигаға тергеуге қажет барлық ақпаратты беруге дайын екенін жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или