Қазақстан құрамасы биатлоннан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Біздің команда 4х6 шақырымдық эстафетада үшінші орынға ие болды. Ел намысын Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қорғады.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, екінші болып Оңтүстік Корея командасы келді.
Айта кетейік, сағат 10:00-де ерлер эстафетасы өтеді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или