Криштиану Роналду «Әл-Насрмен» келісімшарт мерзімін ұзартады

Криштиану Роналду «Әл-Насрмен» келісімшарт мерзімін ұзартады

40 жастағы «Әл Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду саудиялық клубпен келісімшартын ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Николо Шираның айтуынша, футболшының жаңа келісімшарты 2026 жылдың маусым айының соңына дейін. Алдағы уақытта Роналдудың келісімшартын ұзарту туралы ақпарат ресми хабарланады.

Естеріңізге сала кетейік, Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Команда сапында 90 матч өткізіп, 82 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или