20 жастағы файтер ММА-дегі дебютінде жеңіске жетті

Еуразиялық жекпе-жек лигасы 1XBET-пен бірлесіп ұйымдастырған OCTAGON 1XBET SELECTION 49 турнирінде кештің алғашқы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса жеңіл салмақта қазақстандық файтер Әбіл Еламан отандасы Алмазбек Әбділдаевпен кездесті.
Қарсыластар кездесуді өте белсенді бастап, партерде бірнеше қауіпті шабуылдар алмасты. Раундтың ортасына қарай Еламан кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға бірнеше мүмкіндігін жіберіп алды. Дегенмен, бірінші раундтың соңғы секундтарында 20 жастағы қазақстандық спортшы Әбділдаевті тұншықтыру әдісімен жеңді.
Жекпе-жекті 4:20-минуттан бастап көруге болады:
Турнирдің титулды демеушісі - 1XBEТ букмекерлік компаниясы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или