«Қайсардың» бұрынғы ойыншысы FIFA-ға шағым түсірді

«Қайсардың» бұрынғы ойыншысы FIFA-ға шағым түсірді


Өткен маусымда толық жалақысын ала алмаған «Қайсардың»  экс-футболшысы Дмитрий Бородин FIFA-ға арыз берген.

Кызылординалық клуб сапында екі маусым ойнаған легионер жалақысын толық өтеп беруді талап ететінін мәлімдеді, деп жазады football.by.

«Маусымның ортасынан бастап жалақымыз кешіге бастады. Ақыры 3-4 ай бойы ақша алмадық. Өте қиын кезең болды, моральдық тұрғыда ауыр тиді.

Бапкерлерге, спорт директоры Максат Байжановқа, жалпы клуб қызметкерлеріне ешқандай реніш жоқ. Қаржыландыру әкімдіктен болмаған сияқты.

Маусым аяқталған соң FIFA-ға шағым жазып, бұл туралы клубтың спорт директорына ескерттім. Бәрібір сөйлескенде түсіністік таныттық. Бірақ әлі күнге дейін қарызды қайтару бойынша ешқандай әрекет жасалған жоқ. Қазірше күтіп отырмыз, бұл мәселе шешіледі деп үміттенемін», – деді Бородин.

Айта кетейік, Бородин өткен маусымда «Қайсар» сапында 23 матч өткізіп, 1 гол соқты және 1 нәтижелі пас берген. 9 қаңтарда ол клубты қаржылық қиындықтарға байланысты тастап кетті. Ал биылдан бастап қызылордалық команда легионерлерден толығымен бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или