Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері басшылық қызметке тағайындалды

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері басшылық қызметке тағайындалды

Олимпиада ойындарының жүлдегері Арман Чилманов Атыраудағы олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болып тағайындалды.

- 2025 жылға 4 ақпанда Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының "Олимпиада резервін дайындау орталығы" КММ директоры болып Чилманов Арман Константинович тағайындалды, - делінген Facebook-те жарияланған хабарламада.

Арман Чилманов 1984 жылы дүниеге келген. Таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ ол әлем чемпионатының екі дүркін қола (2007, 2009 жылдары), Азия чемпионатының екі дүркін қола (2002, 2008 жылдары), екі дүркін күміс (2010, 2012 жылдары) жүлдегері әрі 2006 жылы Азия чемпионы болған. 

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или