«Қайрат» түлегі «Атырауға» ауысты

«Қайрат» түлегі «Атырауға» ауысты

«Атырау» қазақстандық қорғаушы Ескендір Қыбыраймен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ескендір Қыбырай «Атырау» футбол клубының ойыншысы.

Қазақстандық қорғаушы «Атырау» футбол клубымен келісімшартқа отырды», - деп хабарлады атыраулық команда Instagram желісінде.

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы алматылық «Қайраттың» түлегі. 27 жастағы футболшы өткен маусымды «Жетісу» мен Қарағандының «Шахтер» командаларында өткізді.

ҚПЛ-дағы мансабында Қыбырай 94 ойын өткізіп, төрт гол соққан.

Transfermarkt порталы қорғаушының құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или