«Т-34» жекпе-жегінде қан төккен қазақстандық чемпиондық айқасқа қол жеткізді
Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Карим Рузбакиев (9-3) Евразиялық жекпе-жек лигасында чемпиондық айқасқа шығады. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
23 ақпанда Алматыда Рузбакиевтің қарсыласы ауыр салмақтағы бос тұрған титулды сарапқа салатын отандасы Константин Меркулов (5-3) болады.
Еске сала кетсек, қазақстандық файтер көптеген жанкүйерлердің есінде OCTAGON 45 турнирінде белгілі ресейлік файтер Даниял «Т-34» Эльбаевпен (11-6) өткен қанды жекпе-жегімен қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или