Сәкен Бибосынов жарақатына байланысты жиындарға қатыспайтын болды

Сәкен Бибосынов жарақатына байланысты жиындарға қатыспайтын болды

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sport+ арнасына берген сұхбатында құрама жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Алда бізді Испанияда өтетін оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр. Оған негізінен 3-4 нөмірлі боксшыларды апарамыз, олардың қабілеттерін сынау мақсатында. Содан кейін Болгарияда турнир өткізіп, тағы бір жиын жоспарлап отырмыз. Болгариядан кейін Ресейде қосымша жиындар ұйымдастырып, құрамаға кімдер енетінін анықтаймыз.

— Жақында Санат Төлтаев пен Сабырхан Төреханның жекпе-жектерін көре алмадық. Неліктен маңызды кездесулер қарсаңында мықты боксшылар ауырып, жарақат алып, қатыса алмай қалады?

— Бұл кездейсоқтық емес, мұндай жағдай Алланың қалауы деп білемін. Түнгі 3-4 шамасында Төлтаевты жедел жәрдем алып кеткен болатын. Ұлттық құраманың бапкері ретінде, әрине, осындай спортшыларды команда сапында көргім келеді.

— Ұлттық құрама мүшелері Сәкен Бибосынов, Асланбек Шымбергенов және Қамшыбек Қоңқабаевтың болашағы туралы не айтасыз?

— Сәкен Азия чемпионаты алдында арқасынан жарақат алып қалған еді, сондықтан ол алдағы жиындарға қатыспайды. Қамшыбек спорттық мансабын аяқтауды жоспарлап отыр. Ал Асланбек облыстар арасындағы чемпионатқа назар аудармақ. Бірақ келесі жылы чемпион болып жатса, оны құрама сапынан көруіміз әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или