Сарапшы Шавкат Рахмонов — Белал Мухаммад жекпе-жегінің жеңімпазын атады

Сарапшы Шавкат Рахмонов — Белал Мухаммад жекпе-жегінің жеңімпазын атады

JakeGerberMMA YouTube-арнасының жүргізушісі Джейк Гербер жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад өз дивизионындағы үздік файтерлер Шавкат Рахмонов және америкалық Хоакин Баклимен ықтимал жекпе-жекте фаворит екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Хоакин Бакли жақында Колби Ковингтонды жеңді, содан кейін ол Белалмен кездескісі келетітін айтты. Ал Шавкат Рахмонов айдың басында Иэн Гэрриді жеңіп, Мухаммедтің титулына басты үміткер атанды.

«Жақында біз жартылай орта салмақтағы тамаша жекпе-жектерді көрдік. Шавкат пен Бакли маңызды жеңіске жетті. Дегенмен, Белалды ешкім жеңе алмайды.

Қарқын, қысым, менталитет және мұның бәрін біріктіру өте қиын. Оның чемпиондық титулын қорғаған сәтін асыға күтемін!» деп жазды сарапшы X әлеуметтік желісінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или