Допты хоккей: «Ақжайық» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Допты хоккей: «Ақжайық» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста екінші топта өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын Воткинскіде жергілікті «Знамя-Удмуртиямен» өткізді.

Батысқазақстандықтар матч барысында ойын тізгінін қолына ала білді.

Бірінші таймда командаға биыл оралған Орал допты хоккейінің түлегі Рауан Исалиевтің пасынан кейін ресейлік Максим Пахомов есеп ашты.

Екінші кезеңде команда капитаны Максим Өтебалиевтің пасын Р.Исалиев мүлтіксіз пайдаланды.

Содан кейін М.Пахомов екі рет мергендік танытып, есепті 4:0-ге жеткізді.

Осыған дейін Николай Шавалдиннің шәкірттері Воткинскіде жеңіске жете алмай жүрген еді. Бұл жолы сол олқылықтың орнын толтырды.

Жұма күні қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или