Мюллер Чемпиондар лигасында Роналду мен Гиггздің рекордын қайталады
«Бавария» жартылай қорғаушысы Томас Мюллер Чемпиондар Лигасының 6-турында «Шахтер» командасына қарсы өткен матчта (5:1) гол соқты.
Осылайша португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду мен бұрынғы валлийлік футболшы Райан Гиггздің жетістігін қайталады. Бұл деректі статистикалық Opta Sport порталы ұсынды.
Мюллер Роналду және Гиггз секілді Чемпиондар Лигасында қатарынан 16 маусым бойы кем дегенде бір гол соққан. Бұл тізімде олардан жоғары тек Лионель Месси мен Карим Бензема тұр. Олар 18 түрлі маусымда гол соққан.
Биылғы маусымда 35 жастағы неміс жартылай қорғаушысы барлық турнирде 20 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, ойыншының нарықтық құны €8 млн құрайды.