Бокстан жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандық Азия чемпионы финалға шықты
Қазақстандық боксшы Елянур Тұрғанова Будвада (Черногория) өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
50 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық белдесуде Тұрғанова грекиялық Мария Георгопулумен белдесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Екінші раундта төреші екі спортшыдан бір ұпайды шегерді.
Осылайша Елянур Тұрғанова жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алып, алтын медальді сарапқа салады, ал Мария Георгопулу турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или