Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мухаммадқа үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Мухаммад аяғындағы сүйек инфекциясына байланысты Рахмоновқа қарсы титулдық жекпе-жекке шыға алмайтыны белгілі болған.
Кездесу 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 310 турнирінде өтуі тиіс еді.
«Белалдың тез сауығып кетуін тілеймін. 100% сауығып кеткенде кездесеміз. Қазіргі уақытта UFC 310 турнирінде уақытша титул үшін кез келген үміткермен жұдырықтасуға дайынмын», - деп жазды Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Wishing Belal a quick recovery. We’ll meet when you’re back at 100%. For now, I’m ready to take on any contender for the interim title at #UFC310
— Shavkat “Nomad” Rakhmonov (@Rakhmonov1994) October 31, 2024
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или