17 қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

17 қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегі аяқталды. Жартылай финалға 17 қазақстандық шықты.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл осы жас санатындағы біздің құрама үшін рекорд болды.

1/2 бөлігінде келесі спортшылар өнер көрсетеді:

Жігіттер

48 кг дейін. Диас Берікбай

51 кг дейін. Бексұлтан Боранбек

57 кг дейін. Жансері Көшербаев

67 келіге дейін. Төрехан Сабырхан

71 келіге дейін. Өнер Сейілхан

75 кг дейін. Санжарәлі Бегалиев

92 кг дейін. Расул Асанханов

92 келіден жоғары. Аслан Еділбайұлы

Қыздар

48 кг дейін. Әнел Әбдірәсілова

50 кг-ға дейін. Елянұр Тұрғанова

52 кг дейін. Бағжан Отынбай

60 кг дейін. Толғанай Қасымхан

63 келіге дейін. Аружан Жаңабаева

66 кг дейін. Ұлдана Таубай

75 кг дейін. Шұғыла Нәлібай

81 келіге дейін. Аружан Зейноллаева

81 келіден жоғары. Панар Сейтханқызы

Жартылай финалдық кездесулер 31 қазанда өтсе, финалдық кездесулер 2-3 қарашаға жоспарланған.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или