«Барыс» өз алаңында ұтылып қалды
«Барыс» өз алаңында ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz
Уфалық «Салават Юлаевты» қабылдаған астаналық «Барыс» 2:3 есебімен есе жіберді.
Шайбалар:
1:0 — 12:19 Панюков (Омирбеков, Әсетов). Теңдікте
1:1 — 16:03 Хмелевский (Ремпал). Теңдікте
1:2 — 28:33 Тодд (Хмелевский, Вязовой). Көпшілікте
2:2 — 30:15 Өмірбеков (Бекетаев). Теңдікте
2:3 — 33:16 Сучков. Азшылықта
Қақпашылар: Бояркин — Вязовой
Штраф: 10:8 (2:4, 2:4, 6:0).
Осылайша Буцаев шәкірттері турнирлік кестеде соңғы орында қала бермек. Осы маусымда 16 ойын өткізген Астана командасының еншісінде 3 жеңіс пен 13 жеңіліс бар.
Елордалық ұжым өткен турда өз алаңында «Авангардты» 1:0 есебімен жеңіп, қатарынан бес жеңіліске ұшыраған сәтсіз сериясын тоқтатқан еді.
Айта кетейік, қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 19 қазанда Ресейде «Локомотив» (Ярославль) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 21 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск), 23 қазанда ресейлік «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады.