«Барыс» легионері жарақат алып қалды. Алдағы матчқа қатыспайды
«Авангардқа» қарсы матчта «Барыс» хоккейшісі Уэйд Эллисон жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шабуылшы жарақат алған ойыншылар тізіміне ауыстырылып, «Барыстың» алдағы ойындарына қатыспайды.
Айта кетейік, бүгін Астанада ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» уфалық «Салават Юлаевты» қабылдайды. 10 қазанда өткен соңғы матчта қазақстандық клуб «Авангардты» (1:0) жеңіп, бес жеңілістен тұратын серияны үзген болатын. Жеңіс голының авторы 15-минутта ерекшеленген Даниил Апальков еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или