Қазақстан жастар құрама Еуропа чемпионатына іріктеуде Шотландияны жеңді
Бүгін, 15 қазан күні футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясында 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы өз алаңында Шотландияны қабылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматыда өткен матч 3:2 есебімен Қазақстан пайдасына аяқталды. Жерлестеріміз сапынан Айбар Абдулла, Әділбек Жұмаханов (пенальтиден) және Ян Труфанов гол соқты. Қарсыластар қатарынан Леннон Миллер мен Чилокоа-Маллен Джеремайя мергендікпен көзге түсті.
Айта кету керек, 64-минуттан кейін Шотлания бір футболшыға кем ойнады. Маррей Дейн өз айып алаңында тәртіп бұзып, қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Еуропа чемпионатына іріктеуде Қазақстан B тобында Қазақстан 12 ұпай еншілеп, алты команданың ішінде бесінші орын алды. Шотландия жастары 16 ұпаймен үшінші орында қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или