Борис Иванищев «Барыс» хоккей клубы бас директоры қызметінен кетті
«Барыс» ресми түрде бас директорды отставкаға жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл туралы астаналық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Борис Иванищев 2006 жылдан бастап клуб жүйесінде қысқа үзіліспен жұмыс істеді. Иванищев 2018 жылға дейін «Барыс» хоккей клубының вице-президенті, одан соң Президенті және Бас директоры қызметін атқарған еді», - деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, БАҚ Иванищевтің кететіні туралы бірнеше күн бұрын хабарлаған, бірақ «Барыс» бүгін ғана ресми мәлімдеме жасады.
Қазіргі уақытта «Барыс» 15 матчта 7 ұпай жинап, ҚХЛ Шығыс конференциясында соңғы 12-ші орында келеді. Келесі кездесуін астаналық клуб 16 қазанда «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или