Бұрынғы әлем чемпионы Бетербиев – Бивол жекпе-жегіне болжам жасады
Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Серхио Мора жартылай ауыр салмақтағы абсолютты әлем чемпионы атағы үшін өтетін Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы жекпе-жек жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Менің болжамым – Бивол мерзімінен бұрын жеңіске жетеді. Әу баста Бивол төрешілер шешімімен жеңеді деп ойлаған едім, бірақ қазір барлық жағдайды мұқият зерттеп, Бивол қалай шабуыл жасайтынына назар аудардым, менің ойымша, жекпе-жек бүкіл соңына дейін созылмайды », - деді Мора Крис Мэнникстің YouTube подкастында.
Бивол кейінгі жекпе-жегін 2024 жылғы маусымда өткізіп, алтыншы раундта Малик Зинадты техникалық нокаутпен жеңді. Оның 23 жеңісі бар (12-сі нокаутпен), жеңілген жоқ.
Ал Бетербиев кейінгі рет рингке 2024 жылдың қаңтарында шықты. Онда Каллум Смитті жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ол 20 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңген (барлығы нокаутпен).