Қазақстан жастары Испания қақпасына үш гол соқты

Қазақстан жастары Испания қақпасына үш гол соқты

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Испаниямен сырт алаңда ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Командалардың бастапқы құрамы:

Испания U-21: Кампос, Санчес, Фрэнсис, Ибаргин, Лопес, Турриентес, Торре, Лопес, Наварро, Моро, Фернандес Регатильо;

Қазақстан U-21: Анарбеков, Кургин, Широбоков, Қалмырза, Қасабулат, Назымханов, Кенжебек, Қылдыбеков, Байбек, Абдулла, Свиридов.

Қазақстандық команда Ғалымжан Кенжебектің арқасында есеп ашты. Бірақ үзіліске дейін Испания жауап ретінде төрт гол соғып тастады. Екінші таймда Кенжебек дубль жасады, қорытынды есепті Данил Анкудинов тіркеді – 4:3.

15 қазанда Қазақстан өз алаңында Шотландияны қабылдайды.

Испания U-21 – Қазақстан U-21 4:3 (4:1)

Гол соққандар: Кенжебек 12 (0:1), Фернандес 15 (1:1), Турриентес 20 (2:1), Фернандес 23 (3:1), Фернандес 44 (4:1), Кенжебек 68 (4:2), Анкудинов 76 (4:3).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или