Қазақстандық шабуылшы Испания кубогінде гол соқты

Қазақстандық шабуылшы Испания кубогінде гол соқты

Қазақстандық шабуылшы Испания кубогінде гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz 

21-жасар Данил Анкудинов Испания федерациясының кубогіндегі жартылай финалдық «Менсахеро» - «Лас-Росас» командаларының кездесуіне қатысып, мергендік танытты.

Қазақстан жастар құрамасының футболшысы ойынның 46-минутында алаң иелерінің сапында гол соққан болатын. Анкудиновтың нәтижелі соққысына қонақ команда футболшылары екі голмен жауап қатып, жеңіске жетті. Сөйтіп, «Менсахеро» жарыс жолын 1/16 финалдық кезеңінде аяқтап, келесі кезеңге «Лас-Росас шыққан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Данил Анкудинов испаниялық клуб сапын осы тамызда толықтырған. Оған дейін отандасымыз ресейлік «Родина-2», молдовалық «Шериф», армениялық «Ван», литвалық «Джюгас» және беларусияның «Днепрінде» өнер көрсеткен еді. Қазақстандық футболшы «Шериф» жейдесінде екі мәрте Молдова кубогінің жеңмпазы атанып, осыншама рет сондағы чемпионатта топ жарған. Сондай-ақ, Қазақстан U-21 жастар құрамасының қатарында үш ойынға қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или