Артур Шушеначев «Сочидегі» алғашқы матчында ойынға қатысатын футболшылар тізіміне енген жоқ
Артур Шушеначев «Сочидегі» алғашқы матчында ойынға қатысатын футболшылар тізіміне енген жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz
Айта кетейік, сочилік клуб Ресей кубогіндегі аймақтар жолының 1/32 финалдық кезеңінде сырт алаңда «Кубань Холдингті» ұтты. Кубань қаласындағы бәсеке 0:5 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталған.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев израильдің «Хапоэль Беэр-Шевасынан» бір маусымға ресейлік клубқа жалға берілген болатын. Шушеначев израильдік ұжымға «Қайраттан» осы жылдың ақпанында ауысып барды. Содан бері барлық турнирлердегі 20 ойынға қатысып, 2 доп соқты. Қазақстандық футболшы енді алдағы жылы Ресейдің Бірінші лигасында доп тебеді.
Дереккөз: Aladop.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или