Әли Ахмедов Ирландиядағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (21-1, 16 КО) келесі жекпе-жегін бүгін, 20 қыркүйекте өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Ол Дублиндегі (Ирландия) бокс кеші аясында француз Пьер Хуберт Дибомбемен (22-1-1, 12 КО) жұдырықтасады.
Жекпе-жек қарсаңында қарсыластар міндетті түрде салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ахмедовтың салмағы 169,9 фунт немесе 77,06 келі, ал Дибомбе таразыда 169,2 фунт (76,6 келі) көрсетті. Екінші орта салмақтағы шек - 168 фунт (76,2 кг), бірақ титулдық емес жекпе-жектерде аздап артық салмаққа рұқсат етіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или