ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда сенсация жасады
Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңда Екатеринбургтің «Автомобилистімен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.
Лавид Немировски келесі құрамды алаңға шығарды: Бояркин (Мэттссон) - Бекетаев-Камалов, Старченко-МакЛеод-Савицкий; Гайтамиров-Данияр, Жафьяров-Де Лео-Бурдасов; Жүсіпбеков-Королев, Смит-Кодола-Эллисон; Қайыржан-Оразов, Оспанов-Шайхмедденов-Панюков.
Негізгі кезең 1:1 есебімен аяқталып, овертаймда астаналықтар жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, қазақстандық ұжым үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіс. Бұған дейін команда төрт матчта жеңіліс тапқан.
Бейсенбі күні «Барыс» сыртта «Ақ Барспен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или