русский язык

Ғаламат камбэк. «Астана» Конференция лигасының жалпы кезеңіне шықты

Ғаламат камбэк. «Астана» Конференция лигасының жалпы кезеңіне шықты

«Астана» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клуб Конференция лигасы плэй-офф кезеңінде норвегиялық «Бранн» командасымен кездесті. Алғашқы ойында норвегиялықтар 2:0 есебімен жеңген болатын.

Сондықтан қарымта матчта «Астанаға» үш гол айырмашығымен жеңу керек еді. Алматыдағы Орталық стадионда елордалықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Үш гол да үзілістен кейін соғылды. Чинеду Джеффри 61-минутта есеп ашты. 81-минутта Джеффри есепті еселеді. Ал 91-минутта алаңға шыққан Рамазан Кәрімов бірнеше секундтан соң «Астананың» үшінші голын салды.

Осылайша, елордалық клуб камбэк жасап, екі матч қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңді. «Астана» биыл да Конференция лигасының жалпы кезеңінде бақ сынайды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;