русский язык
Хоккей

«Блинов кубогы-2024»: «Авангард» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

«Блинов кубогы-2024»: «Авангард» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

21 тамызда Омскіде Блинов кубогы-2024 халықаралық турнирінің екінші ойын күні өтеді, онда қазақстандық «Барыс» алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық команда Блинов кубогындағы алғашқы ойынында турнир қожайындары «Авангард» командасымен кездеседі.

Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 18:30-ға жоспарланған. «Авангард» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады.

«Барыс» 2023 жылы Виктор Блинов кубогының иегері атанған. Команда өткен маусымды қатарынан бес жеңіліспен бастап, нәтижесінде олар бүкіл тұрақты маусымды сәтсіз өткізіп, Шығыс конференциясында соңғы орын алды.

«Авангард» кеше турнирдегі алғашқы ойынын өткізді. Команда челябинскілік «Трактордан» 2:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;