русский язык
Басқа

Париж Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың 1 тамыздағы нәтижелері

Париж Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың 1 тамыздағы нәтижелері

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 1 тамызда қазақстандықтар төрт спорт түрінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыс күні де қазақстандықтар үшін сәтті бола қоймады. Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 1/8 финалда жеңіліп қалды.

Нысана көздеуден Александра Ле мен Арина Алтухова іріктеуден өте алмады. Ле Қазақстанға бір қола жүлдемен қайтады.

Боксшы Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады. Ол әзербайжандық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Назым Қызайбай әйелдер боксы турнирінде ширек финалға шықты.

Archery Садақ ату
1/32 финал. Ерлер
Дәулеткелді Жаңбырбай – Хорхе Энрикес (Колумбия) -3:7
1/32 финал. Ерлер
Александр Еременко – Баптист Аддис (Франция) 2:6

Judo Дзюдо
Ерлер, 100 кг дейін
Нұрлыхан Шархан – Тома Никифоров (Бельгия) – 1:11

Shooting Нысана көздеу
Үш позициядан 50 метрден винтовкамен ату. Іріктеу. Әйелдер
Александра Ле – 10-орын (587-28х), финалға өткен жоқ
Арина Алтухова –
13-орын (586-35х), финалға өткен жоқ

Boxing Бокс
Әйелдер, 50 кг. 1/8 финал
Назым Қызайбай – Каролин Брабоса де Алмейда (Бразилия) – 5:0
Ерлер, 92 кг. 1/4 финал
Айбек ОралбайЛорен Берто Альфонсо Домингес (Әзербайжан) – 2:3
Ерлер, 63,5 кг. 1/4 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Лаша Гурули (Грузия) - 2:3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;