Бокс

Париж Олимпиадасы: жүлде алған боксшыларымызға қанша сыйақы беріледі?

Париж Олимпиадасы: жүлде алған боксшыларымызға қанша сыйақы беріледі?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар, жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

1-орын: 220 мың доллар
2-орын: 120 мың доллар
3-орын: 70 мың доллар
4-орын: 30 мың доллар
5-орын: 10 мың доллар

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер