русский язык
Басқа

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

11-18 ақпан күндері аралығында Қатар астанасы Дохада су спорты түрлерінен кезекті әлем чемпионатының алауы тұтанады.

ҚР Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған әлемдік додада Қазақстан құрамасы да сынға түседі.

Атап айтсақ, аталған сында Әділбек Мусин, Софья Сподаренко, Аделаида Пчелинцева, Ксения Игнатова, Максим Сказобцов, Арсен Қожахметов, Егор Попов, Диана Тасжанова бастаған 8 спортшымыз ел намысын қорғайды.

Айтулы бәсекеде 190 мемлекеттен 966 спортшы бақ сынайды деп жоспарланған.

Дохада өтетін бұл біріншілікте Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынады.

Спортшыларымыз жолдамаға иелік ету үшін нормативті уақыт көрсеткішін орындауы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;